«Қорғалжын» Экологиялық маршрутының Технологиялық картасы

Қоргалжын қорығының аумағындағы экомаршруттар

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкесжеке тұлғалардың мемлекеттік табиғи қорықтарының аумағында болуға тек қана рұқсат беретін құжаттар болған кезде және қорық инспекторының ертіп жүруімен жол беріледіЭкомаршруттардың жұмыс істеу мерзімі мамырдан қазан айына дейін.

Жер бедері жазық, кедергі жоқ.

Көктем, жаз және күз кезеңдерінде жауындар, нөсерлер болуы мүмкін.

Қатты жауын кезінде маршрут бойының жолдары жүруге қиын болады.

Туристерді қарсы алу (егер елу келісілген болса)

Туристер Қорғалжын с. Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығының әкімшілік ғимаратына келеді. Бұл жерде ғимараттың жанында немесе көліктер үшін аялдама алаңында (белгі бар: көлікті қоюға рұқсат етіледі) оларды экскурсия жетекшісі қарсы алады. Ары қарай  экскурсия жетекшісі экотуристерді Визит-орталыққа апарады және оларға  экскурсия өткізеді, сонан соң туристер гидпен экомаршраут бойынша қорықтың аумағына аттанады. Экомаршрутта болу үшін өз автокөлігін бере алады.

Мағлұмат үшін:

Қорғалжын селосынан Қаражар кордонына дейін (бір шеті) 45 км.

Қорғалжын селосынан Нефтеразведка кордонына дейін (бір шеті) 60 км.

Қорғалжын селосынан кіші Теңізге дейін (бір шеті) 80 км.

 

№1 экомаршрутта болу

№1 экомаршрут «Құстар әлемі» - оқу-ағартулық, жаяу, маусымдық, біркүндік маршрут, топ 10 адамға дейін. Маршруттағы мекендер: 1) Қаражар кордоны – Балық зауыты – Табан көлі – Есей көлі. Маршруттың қашықтығы 6 км. Ұзақтығы 4 сағат. Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі мамырдан қазан айына дейін.

Речные утки

Рис.1 Речные утки

ирис кожистый

Рис.2 Ирис кожистый

Экомаршрут Қаражар кордонынан басталады да Сұлтанкелді көлінің шығыс жағалауының бойымен жүреді. Жолда балшықшылар, бозторғайлар, ақ және сұр көкқұтандар кездеседі. Суда жүзетін құстарды – аққуды, шағаланы, бірқазанды Сұлтанкелді көлінің жағалауынан бақылауға болады. Ары қарай жол Табан көлінің жалтырына дейін жатады, онда құстарды бақылау үшін көру алаңы орнатылған. Дүрбілер мен оптикалық құралдарды пайдаланып аққуларды, үйректердің әртүрін бақылауға болады.

 

№2 «Қоқиқаз» экомаршрутында болу

№2 «Қоқиқаз» экомаршруты Қорғалжын с. Қорғалжын МТҚ ғимаратынан басталады.

Оқу-ағартулық, автомибильдік, біркүндік маршрут. Қатты жауын кезінде маршрут бойының жолдары жүруге қиын болады.

Маршруттағы мекендер: Қорғалжын с. – Нұра өз. – Есей көлі – Есей мүйісі – Қаражар кордоны – Сұлтанкелді көлі – Тұз көлі – Теңіз көлінің Кіші шығанағы – Саумалкөл көлі - Қорғалжын с.

Қашықтығы 150 км. Ұзақтығы 6-8 сағат.

Маршрут Қорғалжын селосынан басталады, Нұра өз. арнасы бойымен өтеді. Жол бойында Қаныкей мазарының маңында, Нұра өзенінің биік жағасында аялдама болады.

Онан кейін жол Шолақ көліне дейін созылады. Бұл жерде аққуларды, бакландарды, бірқазандарды, үйректердің әртүрін көруге болады, асу бөгетінде балыққоректі құстардың: шағалалардың, бірқазандардың, бакландардың тамақтанғанын бақылауға болады. Ары қарай маршрут Есей көліне қарай тартады, онда туристерге Есей мүйісімен жаяу серуен ұсынылады. Мүйістің биік жағасынан азықтанып жүрген қоңыр қазды, аққуды, сүңгуір және өзен үйректерін бақылауға болады. мұнда азықтануға қызғылт қоқиқаз жиі ұшып келеді. Көлдің жағалауы бойында шар тәрізді Шобер ақтікені өседі.

лебеди кликуны

Рис.4 Лебеди-кликуны

розовый фламинго

Рис.5 Розовый фламинго

Қорық шекерасынан өтіп бара жатып бақылау-өткізу постында келушілер осы жерде жайма тақтаға орналастырылған, қорық туралы ақпаратпен таныса алады.

Сәуірдің аяғы – мамырдың басында маршрут бойымен дала сары, қызғылт, қызыл қызылкітаптық Шренк қызғалдағының алуан түсімен құбылады.

тюльпан шренка

Рис.6 Тюльпан Шренка

тюльпан поникающий

Рис. 7 тюльпан поникающий

Маршрут бойында сұр және кербез тырнаны, ақ және сұр көкқұтанды, Сұлтанкелді көлінде – үйректің әр түрін көруге болады. Суретке және киноға түсіру үшін тамаша орын. Туристер жазғы душты пайдалана алады. Дем алғаннан кейін маршрут ащы-тұзды  Тұз көлінің бойымен өтеді. Мамырда, маусымда көлде қоқиқаз қоректенеді. Шілденің соңында бұл көл 10 см-ге дейін тұз қабатымен жабылады.

Кіші Теңізде сәуірден күзге дейін қоректенудегі қоқиқазды бақылау мүмкіндігі бар. Жол бойында Саумалкөл көлінде көктемгі-жазғы кезеңде суырды, ал егер сәті түссе бөкенді көруге болады. Саумалкөл көлі – суда жүзетін құстардың жиналатын орны – қызылкітаптық ақбас үйрекның, аққудың. Қорғалжын с. дейін жол жыл бойы түрлі реңдегі даламен өтеді. Маршрутта түлкі, қарсақ, борсық, суыр кездеседі.

Қорғалжын ауданының аумағындағы экомаршруттар (қорықтан тыс)

Туристерді қарсы алу (егер елу алдынала АОмен келісілген болса)

Туристер Қорғалжын с. Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығының әкімшілік ғимаратына келеді. Бұл жерде ғимараттың жанында немесе көліктер үшін аялдама алаңында (белгі бар: көлікті қоюға рұқсат етіледі) оларды АО өкілі қарсы алады. Турист қалауы бойынша қорықтың Визит-орталығында бола алады, онда оған қорықтың экскурсия жетекшісі экскурсия өткізеді немесе бірден АО өкілімен маршрутқа атанады. Егер туристің өз көлігі болмаса, онда АО тек қана алдынала өтінім бойынша автокөлік береді.

«Дала мен көлдер» экомаршрутында болу

«Дала мен көлдер» экомаршруты Қорғалжын с. Қорғалжын МТҚ ғимаратынан басталады.

Автомибильдік, біркүндік маршрут. Қорғалжын селосынан Садырбай ауылына дейін жақсы грейдер. Ары қарай дала жолына өтеді. Қатты жауындарда дала жолдарымен жүру қиындайды.

Экомаршрут мекендері: Қорғалжын с. – Садырбай а. - Қорғалжын с.

Маршруттың қашықтығы 60 км-ге жуық, ұзақтығы 3-5 сағат және оданда артық (туристпен келісу бойынша).

Маршрут Қорғалжын с. басталады, ары қарай даламен өтеді. Сіз әдеттегі өкілдер – суыр-байбакты, балпақ сарышұнақ тышқанды, түлкіні, кербез тырнаны (ҚР Қызыл Кітабы), курганникті, дала бүркітін, әртүрлі бозторғайды, шақшақайны көре аласыз.

Ұялышалқар көлі, Ұялы көлдері жүйесінің бірі, Сізді суда жүзуші құстардың әралуан түрінің жиналуымен таң қалдырады. Бұл жерден сұңқылдақ аққу мен ысылдақ аққуды, бұйра бірқазанды, әралуан үйректі, шағалаларды, балшықшыларды көруге болады.

Ұялы көлдерінің жүйесін Нұра өзені қосады, онда қиындықсыз жағадан қармақпен балық аулауға болады.

«Құстардың ғажайып өлкесі» экомаршрутында болу

«Құстардың ғажайып өлкесі» экомаршруты Қорғалжын с. Қорғалжын МТҚ ғимаратынан басталады.

Автомибильдік, біркүндік маршрут. Қатты жауын кезінде маршрут бойының жолдары жүруге қиын болады.

Экомаршрут мекендері: Қорғалжын с. – Нұра өз. – Шолақ көлі – Кіндікті көлі – Жұмай көлі – Майшұқыр көлі - Қорғалжын с.

Қашықтығы: 90 км-ге жуық.

Ұзақтығы: 5-6 сағат.

Маршруттың 1/3-і грейдермен өтеді, қалған бөлігі – дала жолдарымен, олар  қатты жауын кезінде жүруге қиын болады.

Бұл маршрутта туристке Қорғалжын өңірінің табиғи ландшафтында болу мүмкіндігі беріледі және, бәрінен бұрын, құстар әлемімен танысу. Саяхат Сізді әртүрлі жерлермен алып жүреді. Дала, көлдер, сортаңдар құстарды бақылауға шақырады. Шексіз далада Сіз әдеттегі тұрғындарды кездестіре аласыз, кербез тырна (ҚР Қызыл Кітабы), курганник, дала бүркіті, ақсары ителгі сияқты. Жол бойында ақ және сұр көкқұтанды кездестіруге болады. Шолақ көлінде бұйра бірқазанды, үлкен бакланды, аққуды бақылауға болады. Әдетте жаздың ортасына дейін суға толы болатын Кіндікті сорында – қоқиқазды тамашалауға болады. Сізді Жұмай көлі таң қалдырады. Жұмай көлі Жұмай ауылына қатар орналасқанына қарамастан, онда әрқашан суда жүзуші құс көп, әсіресе әртүрлі үйрек пен балшықшылар.

сурок байбак

Рис.8 Сурок байбак

малый суслик

Рис.9 Малый суслик

степной орел

Рис.10 Степной орел

степной журавль

Рис.11 Журавль-красавка

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39