Бёрдвотчинг – құстарды бақылау, әуесқойлық орнитология, ол қаруланбаған көзбен, не болмаса оптикалық құралдардың көмегімен құстарды бақылау және зерттеуден тұрады. Құстарды бақылау Батыс Еуропа ме Солтүстік Америка елдерінде анағұрлым әйгілік алды. Құстар, дейді Сізге кез келген  бёрдвотчер, компьютерлік ойындарға қарағанда, Жерде миллиондаған жылдар бойы бар және оларды бақылай отырып адам тек көңіл жайлылығы мен денсаулық иеленіп қана қоймайды, шын мәнінде құнды мен маңыздыға араласа алады. Әуесқой орнитологтардың турлары – бұл шынында да экологиялық таза туризм. Бұл адамдар құстарға ғана ұқыпты және жауапкершілікпен қарамайды, тұтас табиғат әлеміне де.

Әлемде 9 мыңға жуық құстардың түрлері бар – салыстыру үшін, сүтқоректілердің 6 мың ғана түрі.

Бұл өңір бёрдвотчерлердің орасан қызығушылығын тудырады. Көптеген көлдер (Теңіз-Қорғалжын, Ұялы, Біртабан-Шалқар және бас.) Орта-Азия-Үнді және Сібір-Шығыс-Африка құс өрісі жолдарының қиылысында орналасқан және Қазақстан мен барлық Азияда жыл құсы үшін маңызды су-томар жері болып табылады.

Өңірдің орнитофаунасы өте бай және қызғылықты. Қауырсындылар әлемі 346 түрден тұрады, олардың 41 түрі Қазақстанның Қызыл Кітабына және 27 түрі ХТҚО тізімдеріне енгізілген. Мұнда ұя салатындардың 126 түрі кездеседі. Олардың ішінде 17 сирек және ауқымды қауіп төнгендер, сондай-ақ барлық субэндемиялық түрлер (4 түр) және көне дәуірге тәндер (7 түр) бар. Құс өрісі кезеңінде 219 түр тоқтайды, олардың ішінде 14 түр Қызыл Кітаптарға енгізілген. Азыққа бай және ауқымды суқоймалар мол суда жүзетін және су-томар құстарын тартады. Мұнда олардың 112 түрі саналған, ол Қазақстанға белгілі 130-дың 87 % құрайды.

Аумақтың кеңбайтақ, азыққа бай акваториясында жазғы түлеу және күзгі өріс кезеңінде құстардың орасан саны бөгеледі: ондаған мың қаз, жүздеген мың өзендік және сүңгуір үйрек, балшықшы. Тек қана дөңгелектұмсық жүзгіштің (Phlaropus lobatus) көктемгі ұшу кезеңінде К.Теңіз көлі аралдарының бірінде 500.000 мыңға жуығы есепке алынған.

Ұя салуда аққу-ысылдақтың (Cygnus olor) 2000-ға жуық жұбы белгіленеді, түлеуде 5000-ға жуық ысылдақ пен сұңқылдақ (Cygnus cygnus)-ҚР Қызыл Кітабы. Бұл аумақта 2,5-3,5 мың бұйра бірқазан (Pelicanus crispus) белгіленеді, ХТҚО тізімі мен ҚР Қызыл Кітабына енгізілген түр. Қорықтың суқоймалары жыл сайын ұя салуға ақбас үйрек  (Oxiura leucocephala) сынды сирек түрді тартады - ХТҚО тізімі, жойылып бара жатқан түр, ҚР Қызыл Кітабы. Есепке алу деректері бойынша өңірде ол жыл сайын 5000-ға жуықтана саналады, ол шамамен элемдік популяцияның 20% құрайды. Балықтың көп мөлшерінің үнемі болуы мұнда балыққоректілердің көп санының болуын да қамтамасыз етеді: бакландардың, көкқұтандардың, шағалалардың, қарқылдақ, бейнарықрдың. Тұзды, омыртқасыздарға бай, ессіз үлкен көлдер мұнда бір қарағанда тропикалық құс дерлік, қоқиқазды (Phoenicopterus ruber) тартты. Жыл сайын Теңіз аралдарына 5000-нан 35000-ға дейін қоқиқаз ұя салады, ҚР Қызыл Кітабына енгізілген түр.

Дала учаскелерінде еуропалық даланың эндемиялық түрлері көптеп саналады: қара және аққанат бозторғайлар (Melanocorypha yeltoniensis, M. Leucoptera), дала ителгісі – Falco naumanni және дала ақсары ителгісі – Circus macrourus кездеседі. Соңғы екі түр ХТҚО Қызыл Кітабына енгізілген.

ҚР Қызыл Кітабына енгізілген сұр тырна – Grus grus (3000-ға дейін жиналады) және кербез-тырна – Anthropoides virgo (5000-ға дейін жиналады) жеткілікті әдеттегідей. Барған сайын безгелдекті (Tetrax tetrax) жиі кездестіруге болады.

Алайда олар үшін топтар осы жолды жүретін, неғұрлым құнды түрлер дала кешенінің құстары болып табылады - дала ақсары ителгісі – Circus macrourus, тарғақ, дала қарақасы,  аққанат және қара бозторғайлар (Melanocorypha yeltoniensis, M. Leucoptera). Бірінші үшеуі ауқымды қауіп төнгендер болып табылады және ХТҚО (Халықаралық табиғатты Қорғау Одағы немесе IUCN) Қызыл Кітабына енгізілген. Соңғы екуі әлі де көпсанды, бірақ оларды тек қана Қазақстанның аумағында көруге болады, өйткені оларды тіпті қыста да оның аумағын тастап кетпейтін дерлік, қазақстандық даланың шартты түрдегі эндемиктері деп атауға болады.

bird2

Рис. 1. Степная тиркушка Glariola nordmanni

Аумақта көрсетуге болатын құстардың барлық спектрін артығырақ қамту үшін көктемгі-жазғы маусым қолайлылау, ал ең жақсы уақыт мамыр. Бұл уақытта аумақтың далалық көлдерінде жыл құсының көп саны байқалады, әсіресе балшықшылардың көптеген алуан түрлері, ал мұнда ұя салатын құстар некелік қылықтар көрсетеді, сайрайды, соның арқасында оларды байқау оңай. Сондықтан дәл мамырда бір уақытта бірнеше топтардың келу мерзімінің қабаттасуы жүреді. Сирек жеке топтар жазда да, күзде де кездеседі.

bird1

Рис.2. Черный жаворонок Leucoptera M. Yeltoniensis

Қазіргі уақытта Қорғалжын ауданында бёрдвотчерлер болуының 2 нұсқасы бар.

І нұсқа.

Қаражар кордонында  Сұлтанкөл көлінің жағалауындағы қонақүй кешенінде тұрумен (Тұруды қар.) Қорғалжын қорығының аумағында, қорықтан тыс аумақта болу.

Артықшылығы: көлдің жанында кордонда тұру. Қорықта құсты, олардың болатын жерлерін, латын тілін  үздік білетін білікті орнитологтың болуы және с.с.

ІІ нұсқа.

Қорықтан тыс аумақта болу, қорық аумағына кіру, Қорғалжын с. қонақтар үйінде тұру.

Артықшылығы:

Неғұрлым арзан құн.

Білікті гид-жолбасшы жоқ.

Кесте. Бёрдвочерлер (tор-sресіеs) үшін ерекше тартымдылығы бар құстардың тізімі.

Латынша атауы Орысша атауы Ағылшынша атауы Бёддвочерлер үшін түр тартымдылық туғызатын себеп
Gravia arctica Чернозобая гагара Вlack-tһгоаtеd loon Ұя салатын құс,  барлық ареал бойында сирек
Podiceps nigricollis Черношейная поганка Вlack-necked grеbе Ұя салатын құс,  барлық ареал бойында сирек
Podiceps auritus Красношейна я поганка

Slavonian

grebe

Ұя салатын құс,  барлық ареал бойында сирек
Podiceps griseigena Серощекая поганка Rеd-necked grebе Ұя салатын құс,  барлық ареал бойында сирек
Pelicanus crispus Кудрявый пеликан Dаlmаtіan реlіcаn Бүкіл әлемде сирек. ҚҚК және IUCN RL енгізілген
Botaurus stellaris Большая вьшь Віttern Ұя салатын құс,  барлық ареал бойында сирек, Еуропада аз қалған
Platalea leucorodia Колпица Sрооnbіll Сирек құс, ҚҚК енгізілген, қорықта ұяны жылда салмайды. Бұл жерде оның таралуының солтүстік шекарасы өтеді
Phoenicopterus roseus Фламинго Ғlаmіngо Әлемдегі ең солтүстік колония. ҚҚК енгізілген
Cygnus Cygnus Лебедь-кликун Whоорег  swаn Еуропада сирек құс. ҚҚК енгізілген.
Aythya nyroca Белоглазая чернеть Fеrrugіnоus duск Саны азаюдағы түр, ҚҚК және IUCN RL енгізілген
Oxyura leucocephala Савка Whitе-һеаdеd duck Ауқымды қауіп төнген түр, төтенше сирек. ҚҚК және IUCN RL енгізілген
Circus macrourus

Степной

лунь

Раllіd һаггіег IUCN RL енгізілген, бірақ ҚҚК енгізілмеген
Falco naumanni Степная пустельга Lеssег кеstrеl IUCN RL енгізілген, бірақ ҚҚК енгізілмеген
Anthropoides virgo Журавль-красавка Dеmоіsеllе сrane ҚҚК енгізілген
Chettusia gregaria Кречетка Sосіаblе lарwіng Ауқымды қауіп төнген түр ретінде ҚҚК және IUCN RL енгізілген.
Glareola nordmanni Степная тиркушка В1аск-wіngеd рrаtіnсоlе IUCN RL енгізілген, бірақ ҚҚК енгізілмеген
Larus ichthyaetus Черноголовы й хохотун Gгеаt blаск-һеаdеd gull ҚҚК енгізілген. Көне  материктік фаунаның қалдығы
Larus minutus Малая чайка Lіttlе gull Ұяны жүйелі түрде салмайтын құс, бүкіл ареалда сирек
Larus cachinnans Хохотунья

Үеl1оw-1еggеd

gull

Күрделі жағдай ретінде жүйелі түрде қызығушылық тудырады, бұл түрдің сасhіппаnsнемесе nsis тиесілігі туралы талас жүруде
Melanocorypha leucoptera Белокрылый жаворонок W'һіtе-winged lагк Тек қыс уақытында Қазақстан шекарасынан Өзбекстан жаққа шамалы шығатын түр. Ұя салуда оны текқана Қазақстанның далалы аймағында көруге болады.
Melanocorypha yeltoniensis Черный жаворонок Вlаск lагк Барлық жылдық циклы Қазақстанның ішінде өтеді. Ұя салуда оны текқана далалы аймақта көруге болады.
Motacilla citreola Желтоголова я трясогузка Сіtrinе wagtail rае кіші түрі еуропалық кіші түрден жақсы ажыратылады, ол осы түрді міндетті түрде көруге сылтау болады.
Locustella luscinioides Соловьинны й сверчок Savi`s warbler Еуропада шектен тыс сирек түр, қамысты ну аумағында жақсы ұсынылған.
Lusciniola melanopogon Тонкоклювая камышевка Mustached warbler Оңтүстік Еуропаның ұя салатын сирек құсы, сипатталып отырған аумақта оны бақылау жеңіл
Agrocephalus agricola Индийская камышевка Paddyfield warbler Ұя салу ареалы бұрынғы одақтас республикалардың еуропалық бөлігіне тек шетімен ғана енеді,  Еуропада оны табу мүмкін емес.
Hippolais ciligata Северная бормотушка Вооted wагbleг Бұл түрдің жақында дербес екі түрге (H.саligаtажәне Н.rата)бөлінуіне байланысты таксономикалық көзқарастан ерекше қызығушылық тудырады.
Sylvia nisoria Ястребиная славка Ваггеd wагbler Түр ШығысЕуропада ұя салуда сирек. Сипатталып отырған аумақта табу айтарлықтай жеңіл.
Saxicola torquata Черноголовый чекан Stonechat Mauri Қазақстанда еуропалық бақылаушыларға таныс номинативті кіші түрден сырттай жақсы ажыратылатын, сібір кіші түрі ұя салады.
Luscina svecica Варакушка Bluethroat Жобалы аумақтың шегінде ұя салатын,  «пластрона» ( раllidogularis кіші түрі) бояулыкіші түр, ол жоғары қызығушылық үшін жеткілікті желеу болып табылады.

Құстарды бақылау оларға зиян келтірмеуі тиіс екендігін есте ұстау қажет. Бақылау үшін құстардың мінез-құлқында алаңдаушылық, тосын рекция тудырмайтындай ара-қашықтық таңдап алынады. Бұл ұялардың төңірегінде ұя салу кезеңінде ерекше маңызды. Бақылауларды жүргізу үшін нүктені тәулік уақытына байланысты таңдап алу керек, күннің көзі бақылаушының арт жағында немесе шамалы қырын болуы керек, әйтпесе құстардың тек нұсқасы ғана көрінеді, ал олардың арқасында көптеген түрлерді анықтауға болатын, қауырсындану ерекшеліктерін айыру мүмкін болмайды.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39