Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Қорғалжын селосы Ақмола облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласынан 128 км орналасқан, аттас ауданның әкімшілік орталығы болып табылады.

Халқы

Қорғалжын ауданы тұрғындарының жалпы саны 2011 ж. 9753 адамды құрайды.

Адамдардың неғұрлым көп саны Қорғалжын с. – 3500 адам, Арықты с. мен Сабынды с. әрқайсысында 1100 – 1200 адам тұрады. Қалған елді мекендерде 1000 адамнан кем тұрады.

Халықтың тығыздығы 1,4 адам/шар.км құрайды.

Халықтың 99% жергілікті тұрғындар. Өңірде руға бөлінушілік бар. Жергілікті рулар басым – Алтай, Темеш, Енем. Рулық кепілдік дамыған. Негізгі дін – ислам. Қорғалжын ауданының барлық ауылында дерлік мешіт бар. Қорғалжын с. үлкен әдемі мешіт орналасқан. Жергілікті тұрғындар, әдетте, діни дәстүрлерді ұстанады.

Шаруашылықтың негізгі бағыттары

Өңірдің салалық бағыты аграрлық. Төңіректе өнеркәсіп кәсіпорындары жоқ. Дәнді дақылдар өндіріледі. Мал шаруашылығы тек қана жеке меншік секторда дамыған. Жергілікті тұрғындар ірі қара мал өсірумен, қой шаруашылығымен және жылқы шаруашылығымен айналысады.

Ұялы және Біртабан-Шалқар көлдерінде өндірістік балық аулау жүргізіледі.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39