Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Қорғалжын ауданының аумағы Қазақстанның орта бөлігінде, Орталық-Қазақстан ұсақ төбесінің батыс бөлігінде орналасқан Теңіз-Қорғалжын ойпатында.

Аумақтың басым бөлігінің рельефі жазық, Теңіз көліне қарай біртіндеп төмендейді.

Жердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 304-360 метр.

Бұл өлке барлық Орта Азия аумағында бірегей болып табылады. Шексіз даланың ортасында көптеген көлдер кең жайылған. Олардың көпшілігі Нұра өзенінің төменгі ағысында жатқан көлдердің үш жүйесіне тиесілі: Ұялы, Біртабан-Шалқар және Теңіз-Қорғалжын. Жоғарыда аталған көлдердің барлығы, Теңіз көлінен басқа, тұщы, ағынды және тайыз, олардың тереңдігі 0,5-тен 2,5 метрге дейін.  Олардың көпшілігін қалың қамыс нуы басқан.

Теңіз көлі – Орталық Қазақстанның ірі тұзды суқоймасы. Су айнасының ауданы – 1590 м2. Суының минералдануы әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе артық.

Климаты

Аумақ күрт континентальды және құрғақшылықты климатта орналасқан, ол атмосфералық жауын-шашынның аз мөлшері кезінде қатал қыс пен ыстық жаздың шамадан тыс күрт ауысуымен айқындалады. Бұл материк ішінде орналасумен және мұхиттар мен теңіздердің бәсеңдеткіш әсерінен қашықтықпен негізделеді.

Қаңтар айының орташа температурасы -17°С, ал шілденікі +20°С. Абсолюттік минимум -45°С, ал максимум +41,4°С жетеді.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-ден 290 мм-ге дейін, максимум жазда нөсерлер мен қатты жауындар түрінде байқалады. Жауын-шашын біргелкі түспейді, құрғақшылықты жылдармен қатар ылғалды жылдар да байқалады. Булану жауын-шашыннан бірнеше есе асып кетеді.

Қыс ұзақ (140-150 күн) және жиі аз қарлы. Қар жамылғысының орташа биіктігі 20-35 см. Көктем қысқа (30-45 күн), бірақ кеш бозғырау түсуі байқалады. Қар сәуірдің ортасында толық ериді. Жаз қоңыржай-ыстық, күз температураның тез төмендеуімен қысқа.

Климаттың құрғақшылықтығы жиі және қатты желдермен нығая түседі. Оңтүстік-батыс және батыс бағытындағы желдер басым. Желдің максималды жылдамдығы 35-37 м/сек.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39