Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Өлілер туралы еш нәрсе еске түсірмеуі тиістігі туралы ата-бабаның көне дәстүрін сақтай отырып, қазақтар өздерінің жақын және алыс туысқандарының бейіттерінде қандай-да болмасын мемориалдық құрылыстар салуға ұмтылмаған. Жаппай қабылданған ережеден шығу өздерінің әділеттіліктің, ар-намыстың, өмір шындығының сәулет құруы жолындағы даңқты істері үшін халық сыйлаған және құрметтеген адамдарға ғана жасалған.

Мазарлар – (арабшадан аударғанда – зиярат ететін, табынатын жер) мүсілмандар киелі ретінде құрмет тұтатын жерлер: кесене немесе үстіне құрылыс салынған бейіт.

Қорғалжын ауданының мазарлары. Олардың ішінде ерекше тарихи танымалдық Бытығай (13-14 ғ.) мазарының, сондай-ақ  Қаныкей (16-17 ғ.), Әліптомар (19-ғ.), Беспақыр (19-ғ.) кесенелерінің үлесіне тиеді. Көшпенділердің әр ғибадаттық құрылысының өз тарихы, өз аңызы бар.

Бытығай кесенесі.

Нұра өзенінің сол жақ жағасында Қорғалжыннан үш шақырымда орналасқан.

Мемориалдық сәулетшіліктің ескерткіші ретінде біздің өңірде кездейсоқ және сонымен қатар өзінің барлық параметрлері бойынша бірегей деп саналды. Солтүстік қазақстанның дала тұрғындары қызығарлық бірізділікпен жаппай қабылданған құрылыс материалы – саз балшықтан қабір үстінің құрылыстарын салғандығы белгілі. Бытығай кесенесі, қалыптасқан дәстүрге қарамастан, күйдірілген кірпіштен алебастр ерітпесінде қаланған, ол әдетте Ұлы Даланың оңтүстік өңірлеріне тән болатын.  Бытығай кесенесінің бұл жұмбағы осы уақытқа дейін жұмбақ болып қалып отыр. Өз уақытында оған кең танымалдықты бір уақыттарда оның жанында көне қала Татағайдың болғандығы туралы болжама әперген болатын. Бытығай  туралы ерекше қызығушылық ұсынатын мәліметтерді өлкеге аз мәлім зерттеуші - Сібір казак әскерінің жүзбасы А.И.Шахматов қалдырған. А.И.Шахматовтың материалдары Бытығай кесенесі ХІІІ ғасырдан ерте салынбағандығын болжауға мүмкіндік береді.

batogay

А.И.Шахматовтың Бытығай кесенесінің маңындағы басқа ғимараттар немесе құрылыстарды, яғни Татағай қаласының қираған орнын іздеуі өз жемісін берген жоқ. Яғни  Татағай қаласының болуы туралы болжама күмәнді. Ақмола тарихи-өлкетану мұрағатының экспедициясы да қалаған нәтиже берген жоқ. Бірақ бұл мүлде іздеуді доғару, соңғы нүктені қою дегенді білдірмейді. Басқалардан гөрі біреудің жолы болыңқырауы және ол өзіне де, басқаларға да болжаммен Бытығай кесенесінің  төңірегінде орналасқан, Татағай қаласын аша алуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта кесенені қалпына келтіру жүргізілуде.

Қаныкей мазары.

kanukey

Саз балшықтан салынған. 18-ғасырдың аяғы 19-ғасырдың басы деп көрсетіледі. Нұра өзенінің оң жағалауында Өркендеу кентінен солтүстікке қарай 4 шақырымда орналасқан.

Әліптомар мазары.

Жиырмасыншы ғасырдың басындағы ғибадаттық сәулет ескерткіші.

Абай ауылынан шығысқа қарай 10 шақырымда, ауылдан оңтүстік-шығысқа қарай. Оның биіктігі алты метр сфералық күмбезбен дөңгелек үлгіде. Бір болжама бойынша мазар Әліптомар шебердің қабірінің үстіне салынған. Ақмола тарихи-өлкетану мұрағатының қызметшісі Н.В.Шиврина Абай ауылында жетпіс жасар қария Жәкен Қамбарұлынан ести алған басқасы бойынша бұл құрылыс Құспек байдың бастамасымен оның үлкен ұлы Балтабайдың қабірінде салынған. Бұл мазарды шебер Әліп салған. Екінші болжама неғұрлым шын, өйткені оны айтқан ақсақал Жәкен Қамбарұлы осы құрылысты салушылардың ішінде болған.

Беспақыр мазары.

ХІХ ғасырдың аяғы Абай ауылы, Қорғалжын-Астана қ. автожолының ауылға бұрылысынан шығысқа қарай 11 шақырым, ескі зираттың қоршалған аумағында, Нұра өзенінің оң жақ жағалауында.

Он тоғызыншы ғасырда салынған. Сфералық, күмбезсіз жерлеу камерасы.

Биіктігі үш метрге жуық. Сақиналап қалау әдісімен саз балшықтан салынған. Есік ойығы қатаң түрде шығысқа бағытталған және бұрыштап қалаумен безендірілген. Қорғалжын ауданының басқа мазарларымен қатар ғылыми және көркемөнерлік мәні бар.

«Дударай» стеласы.

                                                                  1980 ж. Қазақстанның Ресейге қосылуының 250 жылдығы құрметіне орнатылған, екі халықтың бірігуіне және ұлы махаббатқа арналған.

«Дударай» стеласы Қазақстан халқы мәдени мұрасының халықтық қорына енген орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсеннің сұлу да жанқиярлық махаббаты туралы ән – Дударай әнінің пайда болу тарихына арналған.

Қорғалжын-Астана қ. жолынан шығысқа қарай 30 м, Қорғалжын селосына кіре берісте орналасқан.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39