Өлкенің інжуі, Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы – ерекше қорғалатын аумақ, барлық Орта Азияның аумағындағы бірегей орын. Шексіз құрғақ даланың ортасында Теңіз-Қорғалжын көлі созылып жатыр.

1968 жылы құрылған ҚМТҚ алатын аумағы бойынша ҚР қорықтарының ең үлкендерінің бірі болып табылады. 543171 га ауданы бар аумақ тұтас учаскеден тұрады, жыл құсының Орта-Азия-Үнді және Сібір-Шығыс-Африка құс өрісі жолдарының қиылысында орналасқан және халықаралық маңыздағы маңызды су-томар жері болып табылады.

korgal1Қорықтық аумақ – бұл өзара жалғасқан екі үлкен Теңіз бен Қорғалжын көлдері және орасан дала учаскесі. Жылдың сулылығына байланысты су айнасының ауданы 1130-1590 шаршы шақырымды құрайды, ең терең жері 7 метрге жете алады, ал судың минералдануы Әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе артық (22-ден 127 г/л-ға дейін). Көл басты тереңсулы жалтырдан (Үлкен Теңіз) және солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен шығанақтан (Кіші Теңіз) тұрады. Көлде 70-ке жуық кіші және үлкен аралдар бар, оларға құстар ұя салады. Бұл Орта Азиядағы ең ірі ағынсыз тұзды суқойма.

Тұщы сулы Қорғалжын көлі Теңізге толық қарама-қарсы. Байтақ су айдыны сондай байтақ қамысты өсімдіктер ауданымен араласып жатады. Бұл қамыс нуымен бөлінетін және нәтижесінде бірнеше көлдерді: Есей, Жаманкөл, Сұлтанкелді, Қоқай көлдерін құрайтын бірнеше ірі шығанақтан тұратын жалғыз суқойма.

Тиімді географиялық жағдайы, үлкен ауданы, ҚМТҚ-дағы азыққа бай жерлер әралауан құстардың көбеюі, түлеуі және семіруі үшін қолайлы жағдай туғызады. Кең-байтақ акваториялар су-томар құстарының Азиядағы ең ірі популяциясын қажет тіршілік кеңістігімен қамтамасыз етеді.

1976 жылы-ақ Теңіз-Қорғалжын көлдері халықаралық маңызы бар су-томар жерлерінің Рамсар тізіміне қосылған болатын. 2007 жылы ҚМТҚ көлдері ІВА басты орнитологиялық аумақтардың халықаралық желісіне енгізілді. 2008 жылы ҚМТҚ аумағы ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік Табиғат Мұрасының Тізіміне енгізілді.

Тек бір ғана Теңіз көлінің әлеуетті азық қоры 15 миллион құстың тағамға қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті. Мұнда кәдімгі қоқиқаздың ең солтүстік ұя салу популяциясы орналасқан, оның саны кей жылдары 50.000-60.000 басқа жете алады. Теңіз көлінің бірегейлігін атап өткіміз келеді. Көлдің өзі де, оның жағасы да ешқашан антропогендік ықпал етуге ұшырамаған. 2000 ж. Теңіз көлі ҚР бірінші және әзірше жалғыз болып «Тірі көлдер» халықаралық ұйымына енді, оған әлемнің ең бірегей көлдері кіреді.

korgal2Қорықтың биоәралуандығы бірегей. Ол 374 өсімдіктер флорасы өкілдері мен Қазақ ұсақтөбе флорасының ширегі – 60 тұқымдастықтан және су мен жер беті жануарларының 1400-ден астам түрінен тұрады. Қорықта құстардың 346 түрі бар, олардан ұя салатындар – 126 түр. Теңіз-Қорғалжын көлдерінде құстардың су-томар кешені 112 түрден тұрады, ол Қазақстанға белгілі 130-дың 87 % құрайды. Қорықта сүтқоректілердің 43 түрі бар, ихтиофауна – 14 түр. Жәндіктер толық зерттелген жоқ, 700 түрден астамы анықталды, бірақ олардың түрлік әралуандылығы 5000-ға жете алады.

Қорықтың аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрлері белгіленеді.

Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген: Шренк қызғалдағы, солғын қызғалдақ, жанаргүл, сарғылт құндызшөп, солғын құндызшөп. Селекциялық қордың резервтік материалы ретінде Шренк қызғалдағының үлкен маңызы бар. Бұл түр гүлінің ірі мөлшерлері және аса әралуан – ақ және сарыдан ашық-қызыл және қою шиқызылға дейін ашық бояуымен ажырайды. Дәл осы түр ХVІ ғасырда Голландияда шығарылған қызғалдақтың алғашқы мәдени сұрыптарының негізін салушы болып табылады.

Орнитофаунадан Қазақстанның Қызыл Кітабына 41 түр және ХТҚО тізімдеріне 27 түр енгізілген. ХТҚО - ға сүтқоректілердің 5 түрі де енгізілген: бөкен, суыр-байбак, дала тышқаны, сұр атжалман, дала шіңкілдегі.

Есепке алу деректері бойынша қорықтың көлдерінде бұйра қоқиқаздың әлемдік популяциясының 10% дейіні (ХТҚО) және тағы бір қызылкітаптық сирек түр – ақбас үйрекның 10-20% шоғырланған, аққу, қара бас күлегеш әдеттегідей, қалбағай, ақкөз сүңгуір, және басқалар кездеседі. Теңіз көлінде қызғылт қоқиқаздың ең солтүстік ұя салу орны бар.

Дала аумақтары түрлерінен дала балшықшысы ақсұңқарды (ХТҚО, ҚР ҚК), дуадақты (ХТҚО, ҚР ҚК), безгелдекті (ХТҚО, ҚР ҚК), сондай-ақ бүркіт-қортықты (ҚР ҚК), дала бүркітін (ҚР ҚК), аққұйрық суқарақұсты (ҚР ҚК), дала ителгісін (ХТҚО), дала күйкентайын (ХТҚО), кербез тырнаны (ҚР ҚК) және басқаларды атап өту керек.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39