Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Визит-орталықтың орналақан жері – Қорғалжын селосы, М.Рақымжан к., Қорғалжын қорығының әкімшілік ғимараты.

ВО жұмыс істейтін күндері: сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жұмыс істеу уақыты 10:00-13:00 / 15:00-18:00

ВО жанында «Кафе-бистро» жұмыс істейді: 10:00-13:00 ден 15:00-17:00 дейін.

Ересектер билетінің құны – 300 теңге, балалар билеті – 100 теңге, мектеп жасына дейінгілергі кіру тегін.

Визит-орталық бойынша ақпарат.

Визит-орталықтың атының өзі бұл оған келетін орталық екендігін сөз етеді.

«Птичий рай» ВО – бұл Қорғалжын қорығының «визит кәртішкесі», келушілер осы бірегей аумақ туралы бар ақпаратты алуға болатын орын. ҚМТҚ ВО жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, астанананың, бүкіл елдің тұрғындары мен қонақтары үшін экологиялық-ағарту орталығы болуға арналған. ВО экологиялық маршруттар бастауын алатын, шығу нүктесі болып табылады.

ВО орталық және су залынан, дала залынан, қысқы баудан тұрады, аңыздардың сиқырлы дәлізі, балалардың экологиялық ағарту бөлмесі, кинозал бар.

Визит орталығының негізгі немесе жетекші тақырыптары бұл қорық аумағының бірегейлігі, қызғылықтылығы, әйгілілігі туралы ақпараттан тұрады.

ОРТАЛЫҚ ЗАЛ  келушілерге су-томар жерлері туралы, планетадаға барлық тірінің тіршілігіндегі олардың рөлі туралы, Теңіз-Қорғалжын көлдерінің ұя салатын және жыл құстарының, соның ішінде қорықтың эмблемасы, нышаны болып табылатын, ғажайып құс – қоқиқаздың тіршілігіндегі маңызы туралы түсінік береді. Құстармен барлық диорамалар келушілер бұл құстарды тек қана көру емес, ести алу үшін дыбыс шығару қондырғысы бар телеэкрандармен жабдықталған.

office

Қорғалжын қорығының даму ТАРИХЫНЫҢ ЗАЛЫ қорықты ашудың алғышарты туралы, оны ұйымдастыру мен даму тарихы туралы әңгімелейді. Әрі қарай ертегідей және  самаладай витраждары бар, өте көркем дәліз бар. Қабырғаларының ғажап әшекейлеуі ӨҢІРДІҢ ТАРИХЫ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯСЫ туралы алған әсерді нығайта түседі. Гид келушілерді жергілікті көлдердің құрылуының арбайтын аңызымен таныстырады.

визит-центр

ДАЛА ЗАЛЫ. Бұл зал бойымен айнала өтетін маршрут даланың жануарлар әлемі ұсынылған диорамалар бойымен өтеді. Бөкендермен үлкен диорама ерекше назар тартады. Барлық диорамалар келушілер жануарларды тек қана көру емес, дауысын ести алу үшін дыбыс шығару қондырғысы бар телеэкрандармен жабдықталған. Сіздің назарыңызға жергілікті далада неміс режиссері түсірген, суырлар туралы қызық және шебер түсірілген фильм ұсынылады.

ҚЫСҚЫ БАУ. «Далада» саяхаттан кейін Визит орталығы келушілерін сюрприз күтеді – шөлдегі оазис сияқты – шағын жарық, үлкен терезелері, демалу үшін жайлы дивандары, қаулаған жасыл өсімдіктер және тіпті шағын сарқырамасы бар бөлме, онда Визит-орталықтың келушілері шамалы дем ала алады.

viz vvod zal

СУ ЗАЛЫ. Бұл залда бірінші білетінің, бұл Теңіз-Қорғалжын көлдері жүйесінің қалай құралғандығы, қорықтың тіреуіш тоғандарының маңызы туралы. «Су маршруты» Қорғалжын қорығының негізгі көлдері, ағыстары, өзендері бойымен өтеді және келушілерді олардың тұрғындарымен таныстырады, аққулардың, бірқазандардың, үйректер мен балшықшылардың дауыстары естіледі. «Суасты әлемі» диорамасы көлдің түбіне бойлауды және оның тұрғындарын тамашалауды ұсынады.

koridor legenda

Соңында Сізді «бейне-шоу» күтеді. Бір ақ экранда музыканың астында ғажап қорық ландшафтының, өсімдіктер мен жануарлардың бейнесі пайда болады. Бір мезгілде басқасында – түтіндеген мүржелер, дала өрті, қоқыспен ластанған өзендер мен көлдердің жағалары. Көргеннің қарама-қарсылығы табиғатты сақтау үшін сен не істей алатындығың туралы ойлануға мәжбүрлейді.

Ең жарқын, әдемі және қызғылықты – БАЛАЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҒАРТУ БӨЛМЕСІ, мұнда балалар ойнай алады, ал сонымен бірге осы заманғы интерактивті және ойын әдістерін пайдалана отырып, табиғи құбылыстарды біле және түсіне алады. Таза ауада балалар үшін ойын алаңдары жабдықталған.

визит-центр

Визит-орталықта кинозал бар, онда қалаушылар Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі туралы «Қорық жерінің құпиясы» атты ғылыми-көпшілік фильм көре алады. Киноны түсіру біржарым жыл бойы жүрді. Фильмді қоюшылар жылдың барлық маусымындағы жергілікті тұрғындардың тіршілігін көрсетіп қана қойған жоқ, сондай-ақ мультипликацияны пайдалана отырып, қорықтың тарихы мен өңірдің аңыздары туралы да баяндай алды. Фильм су-томар жерлерін сақтау бойынша ҚР Үкіметінің ГЭФ/ПРООН жобасы шеңберінде жасалды.

визит-центр

Шағын жайлы дәмханада Сіз тыныға, әл жинай аласыздар және қорық көлдеріне саяхатқа аттанасыздар.

КӘДЕСЫЙЛАР ДҮКЕНІ. Мұнда Сіз кәдесыйлар, ашық хаттар, буклеттер, қорық нышандарымен белгілер сатып ала аласыз.

визит-центр

viz komn prosv

There is a cinema theatre in Visitors Center where everybody may watch scientific movie about Teniz-Korgalzhyn lake system “Secrets of the reserve land”. Filming took one and a half years. The filmmakers managed not only to show the life of local residents in all seasons, but also to tell about reserve history and region legends with animation use. Movie made within GEF/UN DP in the Republic ofKazakhstan and aimed to conserve aquatic and wetlands.

You may have a rest in a small cozy coffee and go to travel to the reserved lakes again.

kafe1

визит-центр

viz kafe

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39