Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Июнь
04

Беспақыр кесенесі - сәулет ескерткіші (ХІХ ғасырдың соңы). Ақмола облысының Қорғалжын ауданының Абай ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 шақырым қашықтықта, Қорғалжын-Астана тасжолынан Абай ауылына бұрылыстан шығысқа қарай 11 шақырым жерде, ашық далада, ескі моланың қоршалған аумағында, Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан. Алғашқы рет 1987 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу жәнежобалау филиалының мамандарымен, кейіннен 2006 жылы «ҚазЖоба қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының Жиынтық бөлімімен (жетекшісі Г.Қамалова) зерттелген. Беспақыр кесенесі көлемі 30 х 22(23) х 10 см және 50 х 25 х 10 см шикі өңделген кірпіштен қаланған. Кіру есігі көлемі күмбезінің үстіңгі бөлігі опырылған, кіру аркасының жан-жағындағы қабырғада бұзылған жерлері бар. Күмбезді есігі бар саған түрінде орындалған мазардың өзгешіл түрін сипаттайды. Екі бөлмелі композиция көлденең осінде шығыстан батысқа қарай созылған. Шағын көлем пропорциялары қасбет қабырғаларының бірқалыпты формаларымен ерекшеленеді.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39