Бұл аумақтың биоәралуандығы бірегей. Ол жоғары өсімдіктердің 500-ден астам түрлерінен, 2000-ға жуық омыртқалы және омырқасыз жануарлардан, соның ішінде балықтың 17 түрінен, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 6 түрінен, құстардың 346 түрінен және сүтқоректілердің 43 түрінен тұрады. Аумақта Қазақстанның Қызыл Кітабына және Халықаралық табиғатты Қорғау Одағының (ХТҚО) тізімдеріне енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрлері кездеседі. Құстардың су-томарлық кешені 112 түрден тұрады, ол Қазақстанға белгілі 130-дың 87 % құрайды. Аумақтың кеңбайтақ, азыққа бай акваториясында жазғы түлеу және күзгі өріс кезеңінде құстардың орасан саны бөгеледі: ондаған мың қаз, жүздеген мың өзендік және сүңгуір үйрек, балшықшы.