Скачать шаблон Joomla с JooMix.org

Қорғалжын ауданының туризм жөніндегі Ақпараттық-ресурстық орталығы 2011 ж. басында аудан әкімдігінің туризм және спорт бөлімі базасында құрылған.

Туризмді дамыту үшін Қорғалжын ауданының үлкен әлеуеті бар. Бұл халық аз қоныстанған және шаруашылық іс-әрекетпен аз өзгерген далалы және көлді өлке, онда бірегей ландшафт тиісілмей дерлік сақталған. Мұнда – ерекше қорғалатын табиғат аумағы, Орталық Азияның барлық аумағындағы бірегей орын, Қазақстанның астанасы Астана қ. бар болғаны 140 км орналасқан, өлкенің інжуі - Қорғалжын қорығы бар.

Өзіндік ландшафт, жануарлардың бай әлемі, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы, көне екерткіштердің болуы, жарқын ұлттық реңкі бар өлке, республикадағы осы заманғы ірі визит-орталық жыл сайын мұнда біздің республикамыздың тұрғындары мен шетелдік туристерді тартады, олардың саны жылдан жылға өсуде.

Сондықтан АО-ның болмауы өңірдің туристік имиджінде келеңсіз айқындалды. Туристердің көрсетілетін қызметтер және бағалық ұсыныстар туралы уақытында ақпарат алу мүкіндіктері болмады, келгенде оларда ескі ақпарат болды және аумаққа келгенде шиеленіс оқиғалары мен әртүрлі қабаттасулар жиі болды.

АО мақсаты.

Қорғалжын ауданында туризмнің дамуына көмек көрсету, ол уақыт өте келе бұл өңірдің экономикалық және мәдени көтерілуіне көмектеседі.

Міндеттері.

1. Сайттың жұмысы, буклеттер әзірлеу, облыстық және республикалық көрмелерге қатысу, турфирмалармен жұмыс істеу көмегімен өңірге туристік ағынды тарту.

2. Сайттың көмегімен турист үшін қажет барлық ақпаратты жедел және анық беру.

3. Туризм инфрақұрылымының дамуына көмектесу, инвесторларды тарту.

4. Ауылдық, спорттық-сауықтыру, этнотуризм сияқты туризм түрлерін дамыту.

КОНТАКТЫ

021300, Акмолинская обл., Коргалжынский р-он
село Коргалжын, улица Рахымжана Мадина, 20

@

pred_kgt@mail.ru

+7 (71637) 2-18-02
+7 (71637) 2-14-39